№2 "Саумалкөл мектеп-гимназиясы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Директор блогы

Құрметті достар! Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер.

   11.jpeg№2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы бірыңғай білім беру ортасы болып табылады, сондықтан ақпараттандыру жүйесі, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу оның өмірінің барлық аспектілеріне – білім беру мазмұнынан бастап шаруашылық-қаржылық мәселелерге дейін, оның ішінде педагогтер мен білім алушылар ұжымындағы психологиялық ахуалды, олардың өзара қарым-қатынасын, мектептің өсу нүктелері жүйесін, сұраныстар мен ұсыныстарды қоса алғанда, сөзсіз әсер етеді. Білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану ауыл мектебі жағдайында ХХІ ғасырдың табысты және бәсекеге қабілетті түлегін қалыптастыруға қызмет етеді.

 

 

№ 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының маңызды тарихи кезеңдері.

1973 жылы - № 2 Володар орта мектебі құрылды.

1987 жылы - № 2 Володар орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

1993 жылы - №2 Володар орта мектебі № 2 Саумалкөл орта мектебі болып өзгертілді.

2003 жылы - № 2 Саумалкөл орта мектебі № 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы болып өзгертілді.

2010 жылы – қазақ тілінде оқытылатын сыныптар ашылды.

2015 жылы - №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының жанынан ресурстық орталық ашылды.

Исмагулова Мария Кариевна, «басшы-менеджер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санатындағы №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының директоры

Записаться на прием